Өнеркәсіптік робототехника

Білім беру бағдарламалары
B064 – Механика және металл өңдеу

Оқу мерзімі
4 жыл

Оқу ақысы
850 000 теңге

Профильные предметы
Математика және Физика

ӨНДІРІСТІК РОБОТТАНДЫРУ — ИНЖЕНЕРЛІК БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!

Өндірістік робототехника — инженерия мен технологияның ең озық әрі сұранысқа ие салаларының бірі. Бұл – заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан бағыт, өндірісті цифрлық түрлендіру мен Индустрия 4.0-дің ажырамас бөлігі. Ол мехатроника, автоматтандыру, электроника, ӨҚжА және бағдарламалауды біріктіре отырып, интеллектуалды роботталған жүйелерді құрумен айналысады.


Оқу орнында қандай
білім аламын?

  • Робототехникалық жүйелерді жобалау және модельдеу
  • Өнеркәсіптік роботтар мен контроллерлерді (PLC, HMI) бағдарламалау
  • Өндірістік процестерді автоматтандыру және цифрландыру
  • Мехатроника, электроника және ӨҚжА негіздері
  • Нақты роботтармен тәжірибе және инженерлік жобаларға қатысу
  • Өнеркәсіптік роботтарды техникалық қызмет көрсету


Оқу бітірген соң кім
болып жұмыс істеймін?

  • Өндірістік робототехника инженері
  • Робототехникалық жүйелер мен компоненттерді жобалаушы
  • Мехатроника инженері
  • Роботтарды баптаушы және техникалық қызмет көрсету инженері
  • ӨҚжА инженері
  • Интеллектуалды басқару жүйелерін әзірлеуші


Оқу бітірген соң мен қайда
жұмыс істеймін?

  • Автомобиль жасау, тамақ, фармацевтика және химия өнеркәсібі
  • Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары
  • Автоматтандыру орталықтары және робототехникалық интеграторлар
  • IIoT, цифрлық егіздер және Smart Factory салаларында жұмыс істейтін IT-компаниялар
  • Логистикалық және сұрыптау орталықтары
  • Ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау ұйымдары
  • Робототехникаға техникалық қызмет көрсету орталықтары
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз